USD 512.16
EUR 594.72
RUB 6.57
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодар облысында жолаушылар отырған "Газель" аударылды

  • 26.қазан.2020, 16:27,
  • 465

Газель жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. 

Облыстық полицияға департаментінің мәліметінше, Павлодар - Шарбақты тасжолында жолаушылар отырған "Газель" аударылған. Көлікті 57 жастағы ер адам басқарған. Ол көліктің тізгініне ие бола алмай қалған. 

Апат орнынан екі жолаушыны туыстары алып кеткен. Оның бірі кейін үйіне медицина қызметкерлерін шақырған. Әйел бел омыртқасынан жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылыпты.

Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі жол апатынан зардап шеккен қызды ауруханаға жеткізген.

"19 жастағы қыз бас жарақатын алған, миы шайқалған, шынтағының буыны үзілген, жамбас сүйегі сынған", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазіргі таңда "Газель" көлігі айыптұраққа қойылған.


#жолапаты #павлодар #газель #көктайғақ

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031