Алматы тауларында мәйіт табылғаны туралы ақпарат желіде пайда болды. Kris.p.almaty Telegram-арнасы өз оқырмандарының бірі таңғы жаттығу кезінде белгісіз әйелдің денесін байқап қалғанын жариялады.
"Ол бірден 102 нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген Telegram-арнасындағы жазба сипаттамасында.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі 23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағынан белгісіз әйелдің мәйіті табылғанын хабарлады.
"40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Жеке басы туралы деректер анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы ПД өкілдері.
Бұған дейін, 2020 жылғы 31 мамырда Алматы тауларында жоғалған турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылған еді.
#өлім #мәйіт #алматы #тау #ПД #ТЖ