«Спутник V» және қазақстандық «QazCovid-in» вакцинасы - векторлық болып табылады және адам аденовирусының рекомбинантты бөлшектері, оларда коронавирус қабықшасының S протеині - антиденелер бөлінетін ақуыз бар. Бұл вакциналар кез келген мутацияланған коронавирус штаммдарына қарсы тиімді болады»,-дейді спикер. Сонымен қатар, ол вакцина салдырған соң қалыптасатын иммунитет қанша уақытқа дейін жететінін айтты. «Вакцина алған соң қалыптасатын иммунитет кем дегенде бір жылға шыдайды, ал кейбірінде оданда көп уақытқа барады. Бұл адам ағзасына байланысты. Ал, виурс жұқтырып, табиғи жолмен қалыптасқан иммунитетке келсек, ол да ауру түріне қарай болады. Мәселен, кейбірінде сырқат жеңіл өтуі мүмкін, олардың иммунитеті көп сақталмайды, тіптен болмауы да мүмкін. Сондай-ақ сырқат ауыр жүрген кезде науқастың иммундық жүйесін әлсіретіп жібереді, оларда да вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспай қалады. Сондықтан вакцина алған дұрыс»,-дейді Күләш Құрманова. Маман коронавируспен ауырған адамдар оңалтуды қажет ететінін жеткізді. «Эпидемиологтар мен әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің, атап айтқанда инфекционистер, нефрологтар, эндокринологтар, неврологтар пікірімен келісемін. Коронавирус инфекциясы ішкі органдарды, әсіресе ми, жүрек, бүйрек, бауыр және тағы басқа ағзаны зақымдайды, оның салдары әр адамда ауруға дейінгі денсаулық жағдайына, инфекциялық процестің ауырлығына байланысты әр түрлі көрінеді. Сондықтан әр науқастың жағдайына жеке қарау қажет. Жалпы, физикалық тұрғыда белсенділік, дұрыс тамақтану, толық ұйқы, жаман әдеттерден бас тарту мұның бәрі иммунитетті көтереді»,-дейді профессор.
#екпе #вакцина #коронавирус #мутация #пандемия