USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны ұсынбақ

  • 23.сәуір.2020, 11:30,
  • 530

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина жасалып жатыр.

Ел ғалымдары зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижесін шығарды. Қазір қауіпті вирустың генетикалық, иммуно-биологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеуге кіріскен.

Зертхана қаладан алшақ аумақта орналасқан. Бұған дейін мұнда құс тұмауы, доңыз тұмауы сияқты қатерлі індеттердің емі жасалып шығарылған.Вакцина жасау жұмыстары «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының» базасында жүргізілуде.

Мамандар COVID 19-ды зерттеу үшін адам мен жануарлардан алынған жасушаларда вирусты қолдан өсірген. Бірнеше рет қайта зерделеп, нәтижесін бақылап көрген. Қазір ғылыми зерттеулер жалғасып жатыр. Енді алғашқы вакцина дайын болған соң зертханалық жануарларға салу арқылы тексерілмек.

Ғалымдардардың айтуынша, күзге қарай вакциналар дайын болады. Олар екі векторлық және бір ақуыздық вакцина жасауды көздеп отыр. Ішінен ең тиімді әрі сапалысы ұсынылмақ.

скачать dle 12.0
Фото авторы : DW
Тағы да оқыңыздар:
15.04.2020
27.03.2020
27.03.2020
14.01.2020
07.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031