USD 522.49
EUR 547.88
RUB 5.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирусқа қарсы Британ вакцинасы сынақтан сәтті өтті

  • 23.июля.2020, 09:30,
  • 474

SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы Британияда әзірленген вакцинаның алдын ала клиникалық сынақтары оның қауіпсіз, жанама әсері аз және иммундық жүйеге көмектесетіндігін көрсетті. Табысты тестілеу нәтижелері "MedicalXpress" баспасөз релизінде хабарланды.

Зерттеуге COVID-19 вирусымен ауырмаған 18-ден 55 жасқа дейінгі 1077 сау адам қатысты. Тестілеу 2020 жылғы 23 сәуір мен 21 мамыр аралығында өткізілді.

Вакцинациядан кейін 14 күн өткенде еріктілерде Т-жасушалық жауап байқалды, ал 28 күннен кейін антиденелер өндірілді. Алайда вакцинаның барлық қажетті талаптарға сай келетіндігі әлі белгісіз. Осылайша, ол COVID-19-ға қарсы кемінде алты ай, соның ішінде қарт адамдар мен созылмалы аурулармен ауыратын адамдарды қорғауды қамтамасыз етуі және қарым-қатынас жасаған кездері вирустың берілу ықтималдығын төмендетуі керек.

Сарапшылардың айтуынша, оның жанама әсерлері – шаршау, бас және бұлшықет ауруы, инъекция орнындағы ауырсыну, ауру, қалтырау және жоғары температура. Сонымен қатар парацетамолды қабылдаған еріктілерде жанама әсерлер әлсіз болды. Сондай-ақ препарат вакцинаның иммуногендігіне әсер етпеді.

Вакцина ChAdOx1 шимпанзенің модификацияланған аденовирусы ретінде көрінеді. Ол SARS-Cov-2 вирусында бар және жасушаларды коронавируспен зақымдауда негізгі рөлге ие болатын S-ақуызын өндіреді. Аденовирус қарапайым тұмауды тудырады, бірақ бұл жағдайда ол әлсіреген және адамда ауру тудыра алмайды.



#коронавирус #медицина #вакцина #британия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.07.2020
14.07.2020
12.06.2020
23.04.2020
27.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031