USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтан маңындағы ауылдарды су басты

  • 08.сәуір.2021, 11:19,
  • 253

Ақмола облысының Қоянды ауылында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы бірнеше ауыл еріген қар суынан тазартылуда. 

Целиноград ауданының маңындағы Қоянды ауылында Ақмола облысының және Нұр-Сұлтанның құтқарушылары үш тұрғын үйді алған еріген қар суын сорып алу бойынша құтқару жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.


Сондай-ақ, Целиноград ауданындағы Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл ауылдарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.


Аймақтағы су тасқыны жағдайы тікұшақпен әуеден бақыланады.

Айта кетсек, 7 сәуірге қараған түні Қоянды ауылында бірнеше үйді су басып қалғаны белгілі болды.




#қызылсу #тасқын #Қоянды #Целиноград #Ақмола #ТЖ 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.03.2021
09.02.2021
15.05.2020
14.05.2020
18.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031