Жедел уәкілдер Өскемен қаласынан Риддер қаласына барар жолда жас жігітті қолға түсірді. Тергеу барысында 28 жастағы ер адамның оңай пайда табу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының басында көршілес Павлодар облысынан атап айтқанда Екібастұз қаласынан Өскемен қаласына келгені анықталды. Күдікті бір ай бойы облыс орталығының аумағында жәнеРиддер қаласында психотроптық заттарды өткізумен айналысқан, әлеуетті клиенттердің мекенжайларын интернет-ресурстардың көмегімен хабардар етіп отырған. Тәркіленген заттың, клиенттер арасында «жылдамдық» деп аталатын психотроптық а-пирровалеронфенон екенін сараптама көрсетті.
"Жалпы алғанда, ұсталған азаматтан 730-дан астам бір реттік доза алынды, оның құны «қара нарықта» 4 млн.теңгеден асады, сондай - ақ санкцияланған тінту барысында өлшеуге арналған құрылғылар мен дозаларды орауға арналған құрылғылар алынды", - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Ұсталған азамат ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес Өскемен қ.УПИ-ға қамауға алынды, оның санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
#есірткі #наша #ШҚО #қылмыс #тергеу #жаза #сот