USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Рамазан–2021: Мүфтият ораза кестесін жариялады

  • 03.сәуір.2021, 09:44,
  • 592

Биылғы пітір садақа мөлшері 420 теңге деп белгіленді. Бұл қайырымдылық көрсету құнының ең төменгі мөлшері.

2021 жылғы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

Биылғы пітір садақа мөлшері 420 теңге деп белгіленді. Садақаның мөлшері екі килограмм ұнның орташа бағасымен есептеледі. Ал ұнның бағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың қалалық және облыстық өкілдіктері ұсынған ақпарат негізінде анықталды, деп хабарлады мүфтияттың ресми сайты.

Қазақстан аймақтары үшін ораза мен намаздың кестесін мына сілтемеден көре аласыз.

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау – ислам дініндегі бес парыздың бірі.

Қадір түні қашан

Ләйләтүл-Қадір немесе Қадір түні 2021 жылдың 8 мамырынан 9 мамырына қараған түнге сай келеді.

Қадір түні қарсаңында адамдар тән тазалығымен қатар (ғұсыл алып), жан тазалығына да ден қояды. Сана мен жүректі жағымсыз ойлардан арылтып, ізгі амалдар жасайды.

Ораза айт қай күні басталады

Үш күнге созылатын ораза айттың бірінші күні 13 мамырға сай келеді. Ораза айт мейрамы күллі мұсылмандар қауымы үшін қасиетті күн саналады және бұл Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.



#Рамазан #Ораза #Мүфтият #Қадіртүні #мұсылманмерекесі

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.12.2020
30.07.2020
21.07.2020
14.04.2020
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031