USD 482.33
EUR 557.57
RUB 5.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оразаны вакцина бұзады ма?

  • 14.желтоқсан.2020, 11:33,
  • 318

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті, деді ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр.

Комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген.

Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.

Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады. Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды.

Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031