USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шымкентте бес отбасы баспаналы болды

  • 14.июля.2020, 20:30,
  • 421

Шымкентте бес отбасына жаңа баспананың кілті табысталды, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады. Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метр. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізілді. Үйлердің құрылысын Bi Group компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізді. 

Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.


Сонымен қатар, Елтай тұрғын алабын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан қала әкімі орташа жөндеуден өткен Баубақша мен Нұрсәт көшелерін аралап көрді.
Жалпы тұрғын алапта 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 186,5 миллион теңге қаржы қаралған.



#баспана #шымкент #отбасы #жаңапәтер

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.07.2020
17.07.2019
10.07.2019
08.07.2019
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30