USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өлі тазы иттердің суреті Қазнетті шошытты

  • 16.наурыз.2021, 12:48,
  • 380

Желіде өлі тазылардың видеосы тарады. Оқиға нақты қай өңірде болғаны белгісіз. Алайда Экология министрлігі жануарларды аулау мәселесін тағы да көтерді. 

Видео Желіде 12 наурызда пайда болған. Ролик авторының сөзінше, өлі иттердің ішінде тазылар да бар. 

"Қазақстанда жануарларды аулау жұмысы осылай жүреді. Иттердің арасында тазы да бар, мойнында шынжыр бар, біреудің иті", - дейді зооқорғаушылар. 

Видео қазақстандықтардың ашуына тиді.

"Кімде-кім жануарларды жаппай ату себебін түсіндіре ала ма? Ол кімге және не үшін керек?", "Зоофашизм қашан бітеді?", "Тазы. Қазақстанның мақтанышы. Жабайылар", - дейді Желі қолданушылары.  

Зооқорғаушылар оқиға қай өңірде болғанын анықтай алмаған. 

Ал Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева соңғы айда министрлікке жануарларды аулау ісі бойынша 100-ге жуық хабар түскенін айтады.  

"Күн сайын жануарларды ату ісі бойынша хабар көп түседі. Неліктен өңірлерге жануарларды аулаумен ветеринарлық қызмет айналысады? Неліктен жануарларды күндіз атады және олар бұл қатыгездікті дәріптеу деп ойламай ма? Оны балалар көруі мүмкін ғой. Көптеген адам мұның бәрі ақшаны игеру үшін қажетін жазады.

Құқық қорғау органдары мұның қаншалықты заңды екенін, оған қанша қаржы бөлінетінін тексеруі керек деп ойлаймын. Жергілікті әкімдіктер де бұған назар аударуы керек. Зооқорғаушыларды толығымен жақтаймын, жануарларға олай қарауға болмайды. Шара қолданылуы керек", - деді Самал Ибраева.  



#тазы #ит #аңшы #өлтіру #қылмыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.03.2021
07.03.2021
16.11.2020
16.11.2020
03.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30