Азапталған ит өзен жағасындағы бұтақтардың арасына жасырыныпты. Видеоны түсірген адам араша түсіп, итті аман қалдырған.
Жануарларды қорғаушылардың айтуынша, полиция мен мал дәрігері итті 2 рет сараптамадан өткізген.
"Көз қарашығының реакциясы баяулаған. Бұл қылғындыру салдарынан оттегінің жетіспеуін білдіреді. Оның қалай жолы болғанын біз білмейміз. Қазір ол өзін жақсы сезінеді. Ол өте ұялшақ, қатты күйзеліске ұшыраған. Алайда басынан өткізген ауыр жағдайға қарамастан адамдарға деген сенім әлі де бар. Ол өте әдемі және ақкөңіл ит. Оны "Лаки" деп атайтын болдық", - деп жазды жануарларды қорғаушылар Facebook-тегі парақшасында.
Еріктілер жануарлардың құқығын қорғайтын, әрі қысым көрсетушілерді тәртіпке келтіретін арнайы заң қабылдану керек деп сенеді.
"Біз, Қазақстан жануарларын қорғаушылар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат дайындаймыз. Жануарларды қорғау туралы заңды қабылдауды сұраймыз. Ол дайын", - дейді олар.