USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкіметтегілер коронавирусқа қарсы вакцинаның нәтижесін күтіп отырғандарын айтты

  • 20.июля.2020, 20:00,
  • 590

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы шетелдік вакцинаны әкелу туралы айтты.

"Қазақстан түрлі елдегі әртүрлі вакцинаны зерттеп жатыр. Олар клиникалық сынақтың түрлі деңгейінде. Ресейлік вакцинаны білеміз, әріптестерімізбен серіктестік орнатқанбыз. Олардың келу мерзімі вакцина клиникалық сынақтан өтіп, жаппай қолдануға берілуге ресми растама алуына байланысты. Осындай мәліметтер түскеннен кейін оны қарастыратын боламыз", - деді Цой ОКҚ брифингінде.  

Оның айтуынша, Қазақстан вакцинаның нақты нәтижесін күтіп отыр. 


"Біз ресейлік әріптестерімізбен Қазақстанға вакцина басым тәртіппен келуін келістік. Сынақтан өтіп жатқан басқа да вакцина өндірушілерімен келістік. Оның ішінде, БАӘ-мен бірлесіп клиникалық сынақтан өтіп жатқан қытайлық вакцина да бар. Дүние жүзіндегі басқа да вакциналар сынақтың соңғы кезеңінде. Біз барлық елмен байланыстамыз. Бізді және дүние жүзіне хабар беретін нақты мерзім мен нәтижесін күтіп отырмыз. Содан кейін қандай вакцинаны алатынымыз шешіледі", - дейді министр.  



#министр #цой #коронавирус

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.07.2020
12.06.2020
23.04.2020
27.03.2020
13.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031