Армения Республикасында тіркелген Toyota Ipsum маркалы көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып 46 жастағы жүргізуші отырған "Лада-Ларгус" автокөлігіне соғылған. Апат нәтижесінде "Лада-Ларгус" көлігінде отырған алты адам қайтыс болды.
Полиция хабарлауынша, Toyota жүргізушісі 2019 жылы мас күйінде көлік айдағандықтан жүргізуші куәлігінен айырылған.
Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.