USD 523.2
EUR 594.3
RUB 6.38
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды

  • 06.наурыз.2021, 09:56,
  • 429

Қостанайлық "Тобыл" финалда "Астананы" жеңіп, футболдан Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды. 

Түркістанда өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. "Тобыл" 15-минутта есеп ашты, Сергей Малый гол соқты.



91-іші минутта "Астана" есепті теңестірді. Марин Томасов айып добын соқты. Алайда пенальти кезінде қостанайлықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті. "Астанадан" өз мүмкіндігін Роман Муртазаев жіберіп алды. 


 


Бұған дейін 1/2 финалында "Астана" "Шахтерді" (2:0), ал "Тобыл" пенальти сериясында "Қайратты" жеңген болатын (3:3, 4:2). Ойында үшінші орынды алматылық клуб алды. 


 


#Тобыл #Астана #Суперкубок #футбол 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.11.2019
20.09.2019
16.08.2019
02.08.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930