USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елорда дәріханаларында есірткі саудасы қызып тұр

  • 05.наурыз.2021, 16:25,
  • 210

Бас қалада психотропты препараттарды саудалайтын дәріханалар желісі анықталды. 

"Елордада есірткі саудасы әлі де тыйылмай тұр. Бас қалада психотропты препараттарды саудалайтын аптекалардың желісі анықталды. Біздің түсірілім тобымыз, фармацевтердің есірткі заттарын еркін сатып жүргендерін өз көзімен көріп, камераға таспалап алды. Алайда жауаптылар, әзіге қандай да бір шара қолдануға құлықсыз болып шықты. Сонда әккі айласы әшкере болған кәсіпкелерге әй дейтін ешкім жоқ па? Оларға қандай жауапкершілік көзделген?", - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

"Арналарыңыздан сюжет шыққаннан кейін аталған дәріхана жабылған еді. Алайда арада көп уақыт өтпестен, ол қайта ашылып отыр. Жас жігіттер есірткіге тәуелді болып жүр. Ешқандай бақылау жоқ. Кез келген адам келіп, есірткіні сатып алып, кете береді. Бұл медициналық препарат болғанымен кәдімгі ескіртінің өзі. Заңсыз қызметтің жолын кесу керек", - дейді қала тұрғыны. 

Елорда тұрғынының айтуынша, оның достары психотропты заттарды пайдаланады екен. 

"Қаламыздың әр ауданында құрамында есірткісі бар препараттарды сатып жүрген оншақты дәріхана бар. Олар бұрын аз еді. Ал қазір бәрі жеңіл ақшаның соңынан кетті ме, қаланың әр бұрышында жаңалары ашылып жатыр", - дейді ол. 

Сондай-ақ, телеарна айтқандарын іс жүзінде тексеріп көру үшін Нұр-Сұлтанның бірнеше дәріханасына бақ сұғып көрді. Сюжетте көрсетілгендей психотропты препараттар емін-еркін сатылып жатыр. 

"Министрліктен бізге бұйрық түсіп жатырса, біз оны Прокуратурада тіркейміз яғни есепке аламыз. Содан соң субъектіге алдын ала хабарлама жіберіледі. Осы уақыт аралығында тексеру жұмыстарын жүргіземіз деп ескертеміз. Хабарландыру жіберіліп, Прокуратура тексеруге рұқсат бергеннен соң ғана біз ол субъектіге бара аламыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласы медицина және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Молдиманова. 

Хабарда айтылғандай, былтыр елордада 100 деген субъектіге тексеру жүргізілген, нәтижесінде 2 заңбұзушылық анықталды. Тағы ескере кететін жайт, Ресей, Украина, Беларусь елдерінде құрамында есірткісі бар бұл дәрілерді сатуға мүлдем тыйым салынған. 



#есірткі #дәріхана #сауда #елорда #Нұр-Сұлтан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.08.2020
03.07.2020
18.02.2020
21.11.2019
15.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930