USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жеті адамның өмірін жалмаған Қостанайдағы ірі жол апатының видеосы жарияланды

  • 03.наурыз.2021, 15:29,
  • 239

2 наурызда Қостанай облысында жол талғамайтын екі көлік бетпе-бет соқтығып, апат салдарынан жеті адам қайтыс болды. 

Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолында ірі жол апаты болды.


Полицияның мәліметінше, Lexus көлігін тізгіндеген Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны алдындағы көлікті басып озу үшін қарама-қарсы жолаққа шығып, 63 жастағы елордалық ер адам басқарған Mitsubishi Pajero автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.


Апат салдарынан жеті адам оқиға орнында қайтыс болды (Lexus-тен үш адам және Mitsubishi Pajero-дан төрт адам).


Lexus жол талғамайтын көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға қарай бет алған, ал Mitsubishi Pajero Қостанай қаласына қарай кетіп бара жатқан, деп толықтырды полициядағылар.


Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



#көлік #апат #жол #көктайғақ #қостанай

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031