USD 522.49
EUR 601.07
RUB 6.47
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 29.желтоқсан.2020, 11:39,
  • 408

Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. 

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, жол апаты 28 желтоқсанда сағат 17.24-те Сырым ауданындағы Қызылағаш ауылынан жеті шақырым жерде болған. 

"ВАЗ-2114 және Lexus көліктері соқтығысты. Жол апаты кезінде ВАЗ-дың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың денесі көлік салонында қысылып қалған, оларды арнайы құралдардың көмегімен өртсөндіру бекетінің қызметкерлері алып шықты", - БҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері. 

Бүгінде бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. 

Айта кетейік, таяуда төтенше жағдай қызметкерлері дауылды ескерту жариялаған болатын. Батыс Қазақстан облысында қатты тұман болады. 28 желтоқсанда кешкі уақытта өңіре барлық бағыт бойынша жол жабылғаны хабарланды. 



#жол #апат #өлім #бқо #көктайғақ #боран #көлік 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930