USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кассирге бензин шашылып, қылмыс жасалды

  • 10.ақпан.2021, 09:46,
  • 297

Қарағандыда екі белгісіз адам микронесие ұйымы кеңсесіне басып кіріп, кассирдің үстіне бензин шашып, 120 мың теңге алып кетті.

9 ақпанда сағат 16.00-де шағын несие беру ұйымының бірінің кассасына шабуыл жасалды. Оқиға кеңседегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан медициналық маскадағы қарақшылардың бірі алдымен кассирге бензин шашып, кейін өртеймін деп қорқытқанын көруге болады. Видеода қарақшының беті айқын көрінеді. Бұл уақытта оның сыбайласы есікті қарауылдап тұрады.


Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметінше, күдіктілерді ұстау үшін полиция департаменті аппаратының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылған.


"9 ақпанда сағат 16.00-де Қарағандыда микронесие беру ұйымдарының біріне белгісіз екі адам кіріп, кассирге бензин шашып қорқытқан. Жәбірленуші әйел 28 жаста. Қарақшылар 120 мың теңгені қорқытып иемденген. Аталған факт ҚР ҚК-ның 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді", - деп атап өтті ведомстводағылар.



скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031