USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БҚО-да 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды

  • 24.ақпан.2021, 18:23,
  • 206

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Энергетиктер электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Төтенше жағдайлар департаменті облыстың сегіз ауданында 3112 абонент электр жарығынсыз қалғанын хабарлады. 

"Бәйтерек ауданында Шалғай, Трекино, Көшім, Озерное, Забродино, Беспішен, Никонор, Хайруш, Оразғали, Жұлдыз, Жагор, Казталов ауданында Бесоба, Жаңажол, Қабыршақты, Жаңақала ауданында Бөркі, Саралжын, Теректі ауданында Бөкей, Федоровка, Шыңғырлау ауданында Жіңішке, Сырым ауданында Қазақстан, Жаңаталап, Тұңғыш, Бөрлі ауданында Қарашығанақ ауылы тұрғындары жарықсыз қалды", - деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.


Қазіргі уақытта БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Аймақта ауа температурасы 27 градустан төмен және секундына 20 метр жел соғып тұр.

"Автожолдардың 11 учаскесі жабылды, оның бесеуі республикалық маңызы бар тасжол. Қар күреуге 21 техника жұмылдырылды. Жылыту пунктіне бес адам орналастырылды", - деді құтқарушылар.

БҚО-да жедел штаб құрылды, 554088 нөмірі бойынша жедел желі телефоны жұмыс істейді.



#жарық #элект #ауарайы #боран #жел #аяз #БҚО 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.01.2021
07.12.2020
05.10.2020
24.02.2020
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031