USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Қазақ радиолары" ЖШС жаңа директоры тағайындалды

  • 25.қараша.2019, 18:00,
  • 1 081

"Қазақ радиолары" ЖШС директоры қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды.

Жаңа басшыны радио ұжымына корпорация төрайымы Ләззат Танысбай таныстырды.


Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар. 2007-2011 жылдар аралығында "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында тілші, редактор, редактор-жүргізуші, шеф-редактор қызметтерін атқарған.


2011 жылдан бастап, әр жылдары бірқатар мемлекеттік мекемелерде баспасөз хатшысы, 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.


2017 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы "Aqtóbe" телеарнасының директоры болған.


"Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты "Қазақ радиолары" ЖШС құрамында "Qazaq radiosy", "Shalqar" радиосы, "Астана" және "Classic" радиолары бар.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031