USD 462.87
EUR 540.72
RUB 6.16
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бейсен Құранбектің құрметіне көпқабатты пәтердің қабырғасында журналистің бейнесі салынып жатыр

  • 16.августа.2020, 10:30,
  • 1 473

Талдықорғанда Бейсен Құранбектің құрметіне көпқабатты пәтердің қабырғасында журналистің бейнесі салынып жатыр.

Сурет «Журналистер үйі» ғимаратына қарама-қарсы орналасқан көп қабатты ғимараттың қасбетінде пайда болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Суреттің жанында «Қарекет ет, батырым!» деген сөздер және Бейсен Құранбектің қолы қойылған.

Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірінің 49-жылы, 2020 жылдың 18 мамырында көз жұмды.

1971 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде журналист, жауапты хатшы болып бастаған.

Осыдан кейін ол «Рахат», «31 канал», «Хабар» телеарналарында, Президент телерадио кешенінде жұмыс істеді.



#құранбек #мурал #журналист #өлім 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930