1 қаңтардан 3 қаңтарға дейін 58 адам қалалық көпсалалы аурухананың травматологиялық пунктіне көмекке жүгінген.
"13 адам көктайғақтан жарақат алды, мұз айдынында 3 адам жарақат алды, 28 адам тұрмыстық жарақат алды, полицейлер 13 адамды ұрып-соққанын анықтады, жол апатынан 1 адамды жеткізді. Облыстық көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне 38 адам жүгінген. Оның ішінде көше жарақатымен - 20, тұрмыстық жарақаттармен - 14, ұрып-соғу - 4, отшашу салдарынан 1 адам күйік алды, ЖКО - дан 1 адам зардап шекті", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Отшашудан зардап шеккен адамның беті күйік қалған. Оның жарасы таңылып, ол қазір амбулаториялық жағдайда емделуде.
#отшашу #фейерверк #салют #жарақат #күйік