USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде жаңа экономикалық реформа басталды

  • 01.қантар.2021, 10:18,
  • 298

Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу басталды. 

Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларына декларациялауды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап - мемлекеттік кәсіпорындардың (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) қызметкерлері және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - халықтың қалған санаттары.

Әр кезеңнің нәтижелері талданып, проблемалық мәселелер анықталып, заңнаманы, әдістеме мен ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.


Жалпыға бірдей декларацияны енгізген кезде қай жеке тұлғалардан декларация тапсыру талап етіледі?

Қазақстанның кәмелет жасқа толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдардан;
тұрғын үй құрылысына үлесі, оларға тіркелген мүлік, банктік шоттардағы ақшасы, дебиторлық және (немесе) кредиторлық қарыздары бар кәмелетке толмағандардан;
Қазақстанда мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында үлесі бар шетелдіктерден.


Декларация тапсыру мерзімі

Декларация тапсырудың екі мерзімі бар:

15 шілдеден кешіктірмей - қағаз жүзінде;
15 қыркүйектен кешіктірмей - электронды түрде.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30