USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Пневмониямен ауырғандар саны 50% ұлғайған

  • 09.июля.2020, 14:27,
  • 611

Биыл пневмонияға шалдыққандар саны былтырмен салыстырғанда 50 процентке артқан


Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатында айтты. 2020 жылдың 6 айында 1 мың 172 адам өкпе қабынуынан көз жұмса, былтыр аталған кезеңде 1 мың 780 адам қайтыс болған. Ескеретін жайт, олардың барлығы жалпылама сипатқа ие пневмонияға шалдыққандар. Министр осыған байланысты алдағы уақытта министрліктің сараптама жасайтынын айтты. Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:


Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Басқа мемлекеттерде мынадай жағдай қалыптасқан. Пневмонияны емдеу тәсілдері қазіргі кезеңде коронавирустың ауыр түрін емдеуге өте ұқсас. Осыған байланысты талаптар әзірленіп жатыр. Сондықтан біз қазір науқастардың барлығына бірдей коронавирус сынамасының нәтижесіне қарамастан көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз. Бұл статистикада да көрініс табады.

#пневмония #covid #денсаулық #брифинг #алексейцой

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30