USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

12 өңірде дауылды ескерту

  • 10.қараша.2020, 15:41,
  • 415

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райы бұзылады. 

10-11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метр жел тұрады, боран соғады.

10-11 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге күшейеді.

Атырау облысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Сондай-ақ, жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ болатыны айтылады.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды



#ауарайы #күн #қар #боран #тұман #қазгидромет 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30