USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақ мектебінде еркек мұғалім аз

  • 14.желтоқсан.2020, 17:54,
  • 748

Еліміздегі мектептерде еркек кіндікті мұғалім жеткіліксіз.  

Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, 2020/21 оқу жылында орта мектептерде жұмыс істейтін педагогтың 83 пайызы нәзік жандар. Орта есеппен алғанда әр орта білім ордасында 4-5 ер адам жұмыс істейді деуге болады. Көбіне ер мұғалімдер тәрбиесін әкеге теңестіріп, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына оң ықпал беретінін ескерсек, әйел ұстаздардың тәлімінде ағаттық бар. 

Мұғалім дегенде көз алдыңызға кім келеді? Әрине ең бірінші ақ жейде мен белдемше киген әйел адам елестеуі мүмкін. Себебі жасыратыны жоқ, елімізде ер мұғалімдер қатары саусақпен санарлық. Қазақ баласының көкірегіне білім сәулесін ұялатқан кешегі Ыбырай мен Ахметтің ізін басар інілері қайда жүр?

Қоғам белсендісі Тұрар Шәкеннің сөзінше, оқу-тәрбие мекемелері мен білім беру басқармалары басшыларының арасында да ер азаматтар сирек кездеседі. Әсіресе, мектеп директорлары мен олардың орынбасары қызметінде де әйел мұғалімдердің қарасы қалың. Тіпті денешынықтыру, әскери тәрбие пәндерінен де қыз-келіншектер сабақ беретініне етеміз үйреніп қалған.

Тұрар Шәкен, қоғам белсендісі:


Жалпы біздің қазіргі кездің жас ата-аналары оқыту керек ата-ана қылуға, ата-ана мектебін ашу керек. Көптеген жас ата-аналарымыз балаларымен қалай қарым қатынас жасау керек екенін білмейді да, көптеген проблеманы мектепке, мұғалімға артып қояды. Бірнәрсе болса, мұғалім кінәлі деп артып қояды. Сондықтан да мұғалімнің мәртебесі түсіп кетті.


Десе де, 2019 жылғы 27 желтоқсанда "Педагог мәртебесі туралы" Заңы қабылданды. Осы құжат аясында мұғалімдердің беделі де, жалақысы да артып келеді. Сәйкесінше бұл ер мұғалімдер санына да әсер етуде. Мысалы жас маман Дәулет Жалел 5 сынып оқушыларына сабақ береді. Айтуынша, жалақы өсіп, қағазбастылық азайғалы мектепте сабақ бергісі келетін жігіттер қарасы көбеюде.

Дәулет Жалел, жас маман:


Қазір енді қайта мектепке келу жағы басым болды. Өйткені мектепте қоғамдық іс-шарамен айналыссаң да, оқушыларға тәлім беру арқылы өзіңнің азаматтық ойыңды қалыптастырып болашаққа деген бағыт-бағдарыңды түзейсің. Мектепке қазір ер мұғалімдер де көп тартылып жатыр.


Ер адамдардың мектепке бармауы бұрыннан келе жатқан, қай кезеңде де, барлық елдерде де маңызды мәселелердің бірі. Оның себептеріне үңілсек, баламен қарым-қатынасқа түсе алу қасиетіне ие болып, өз ісінің маманы болуға көп дайындық керек. Сонымен қатар, мұғалімдік - қиын мамандық. Ал ер адамдар қиыншылыққа төзімділік танытқысы келмейтіні де негізгі фактор. Ал ұлттық білім беру деректер базасының мына мәліметіне сәйкес:

2017 жылы мұғалімдердің саны 285996, оның ішінде ер азаматтар - 56442
2018 жылы мұғалімдер саны 289851, ер азаматтар 57 118
2019 жылы мұғалімдер саны 296003, ер азаматтар 58359
2020 жылы мұғалімдер саны 310958, ер азаматтар 61063 болған.

Нәзікжанды азаматшалар да саналы тәрбие, сапалы білім бере алатынын жоққа шығармаймыз. Алайда психолог Бақытгүл Нуридинова балалар мен жастар тәрбиесі тұрғысынан қарастырсақ, мұның өзі айтарлықтай олқылық екенін аңғаруға болатынын айтады. Әсіресе балалар үшін әке қандай қажет болса, ер мұғалімдердің де сондай маңызы бар

Бақытгүл Нуридинова, психолог:


Егер де ер мұғалімдер баланың тәрбиесіне әсіресе оның ішінде ұл баланың тәрбиесіне араласпайтын болса, өте нәзік, ұяң, өз ойын еркін айта алмайтындай болып өседі. Қарапайым нәрсе бұл үйде де сондай.


"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға" деген бар. Мұғалімдік салада мол тәжірбиесі бар, мектепте 17 жыл сабақ беріп келе жатқан Өтелбек Шнановтың сөзінше, жалақыдан да құнды дүниелер бар.

Өтелбек Шнанов, мектеп мұғалімі:


Қанша айтқанмен ұл балалар ер адамға қарап үлгі алады да. Мәселен біз өзіміз мектепте оқыған уақытта ер адамдарға қарап солардан үлгі алдық. Қазақта мақал бар ғой "Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер" деген сияқты. Негізі ер адамдардың ойлауы жақсы дамыған ғой.


Жалпы, білім беру саласы қоғамның негізгі қозғаушы күші. Демек, бұл салада кіл кәсіби мамандар қызмет етуі қажет. Ал, білікті педагогтардың қатарында ер мұғалімдердің де үлесінің көп болуы білім алушылардың тек білімдік тұрғыдан сауатты болуына емес, әлеуеметтік, психологиялық, тұлғалық дамуына да оң ықпалын тигізері анық.




#еркек #ұстаз #мұғалім #педагог #мектеп 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.10.2020
29.09.2020
25.08.2020
23.08.2020
26.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930