USD 469.52
EUR 553.75
RUB 6.15
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елорда қайтадан «сары» аймаққа енді

  • 30.қараша.2020, 17:05,
  • 583

Елордада коронавирус қайтадан белең алып, қала «жасылдан сары» аймаққа қайта өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, «қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары қалып отыр. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа өткен. Еліміздің қалған барлық өңірлері «жасыл» аймақта. 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл аймаққа» өткеніне үш күн болғанын айтқан еді. «Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл аймаққа» өткеніне үш күн болды. Алайда, бұл арқаны кеңге салып, еркінсуге себеп болмауы тиіс. Өйткені, «жасыл аймаққа» өту коронавирус жұқтырғандар санының азайғанын білдірмейді. Қалада әлі де тәулік ішінде инфекция жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Дегенмен, өткен демалыс күндері тіркелген жағдайлар аз болған «, - деген болатын Жанна Пірәлиева.


#карантин #нұр-сұлтан #сарыаймақ #індет #пандемия #ауру 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930