USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда шетелдік пәтерде есірткі сақтаған

  • 26.қараша.2020, 13:28,
  • 426

Алматы полицейлері пәтерде есірткі сақтаған шетелдікті ұстады.

"Біздің бөлімше қызметкерлері қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының әріптестерімен бірге Сейфуллин даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында орналасқан үйлердің бірінің ауласында есірткі сақтады деген күдікпен Өзбекстан азаматын ұстады. Жедел ақпарат расталды. Ер адам бірден өзін күдікті ұстай бастады. Бұл бекер емес болып шықты. Жеке тінту кезінде ол өз еркімен күртешесінің қалтасынан пакетке оралған ұнтақ тәрізді затты шығарды. Кейін тергеу-жедел тобы күдіктінің тұрғылықты жерінен сот-химиялық сараптамаға жіберілген орамдарды тауып, тәркіледі.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөліміне сәйкес жүріп жатыр. Ол қамауға алынды", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.



#есірткі #шетел #пәтер #полиция #қылмыс #алматы 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031