USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды дәрігерлері бір масканы 68 мың теңгеге сатып алған

  • 24.қараша.2020, 18:48,
  • 308

Құзырлы орган түсінік берді. Олар мемлекеттік сатып алудың елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты жүзеге асырылғанын баса атап өтті.

Интернетте осыған қатысты мемлекеттік сатып алулардың ақпараты пайда болды. Желіні қолданушыларды сатып алынған маскалардың құны қатты таң қалдырды.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы осы жайтқа байланысты түсініктеме берді.


Сатып алу мемлекеттік сатып алудың арнайы тапсырысымен "Бір жерден алу" әдісі бойынша "ГолденСтаг" ЖШС-мен "Арнайы медициналық жабдықтаудың аймақтық базасы" КММ арасында жүзеге асырылды, мемлекеттік сатып алу бойынша 01.04.2020 жылғы No38 келісім-шартқа сәйкес, 200 дана масканың жалпы құны (біреуі - 68 000 теңге) 13 600 000 теңгені құрайды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.


Олар сатып алудың елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне және ауыстырылатын көміртекті сүзгілермен 3M аэрозольдерінен қорғауға арналған медициналық толық фильтрлі маскалармен қамтамасыз етудің өзектілігіне байланысты жасалғанын түсіндірді.


"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына, осы санаттағы пациенттерді басқару және емдеу ережелеріне арналған халықаралық және отандық ұсыныстарға сүйене отырып, коронавирустық инфекция аэрозольды-тамшылы және байланыс-тұрмыстық жолмен таралу механизмдері бар, өте жұқпалы жедел инфекциялық ауру екенін ескере отырып, жан сақтау бөлімінде жеке қорғаныс құралдарды қолдану қажет. Бетті толықтай жабатын маска инвазивті процедуралар кезінде (интубация, бронхоскопия, санитарлық тазарту және трахеобронхиалды ағаш пен саңылауларды жуу, үлкен тамырларды катетерлеу) науқастан аэрозоль секрециясының енуінен көздің, ауыздың, мұрынның максималды қорғанысын қамтамасыз етеді. Қорғаныс маскасы медицина қызметкерін физикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар бактериядан қорғауды қамтамасыз етуі керек", - деп атап өтті ведомствадағылар.


Олар мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес, әлеуетті тауар жеткізушілерден бетті толық жабатын медициналық маскалардың бағасы алдын ала анықталғанын да қоса кетті. Тауар жеткізушілер келесідей бағаны жіберді:

"ПТЭК" ЖШС - 69 300 теңге, ЖК Хон И.В. - 69 500 теңге, "GoldenStag" ЖШС - 68 000 теңге. Ең төменгі бағаны "GoldenStag" ЖШС ұсынды.



#маска #бетперде #медицина #дәрігер #қарағанды #прокуратура 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.08.2020
18.03.2020
01.02.2020
01.12.2019
07.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930