USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде 191 науқас ауыр халде жатыр

  • 14.қараша.2020, 16:36,
  • 367

Отбасымыз, ағайын-туысымыз, бала-шағамыз аман болсын десек, сақтық шараларына бей-жай қарамағанымыз абзал. Шет елдерден келетін азаматтарымызды қатаң бақылауға алған дұрыс. Өйткені, АҚШ пен Еуропа елдерінде эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Осы аптада еліміздегі жағдай қалай болғанын бір шолып көрген едік.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 199 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Қауіпті вирустан бір науқас қайтыс болған. Ал 69 науқас коронавирустан жазылып шықты. «Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алуда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 191 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 25 науқас өте ауыр халде. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – деп мәлімдеді министрлік мамандары.

Дубайдан елордаға ұшып келген жолаушыдан короновирус белгісі анықталды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Қазақстан азаматы қауіпсіздік талаптары бойынша бірден оқшауланып, инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Араб Әмірліктерінен елге оралған 129 адамның төртеуінде ПТР тест нәтижесі болмаған. Тиісті сараптама нәтижесінде бір адамның короновирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 0,3%-ке көбейген. Бірінші және екінші деңгейлі ауруханаларда 176 науқас емделіп жатыр. Жалпы облыс стационарларында 5 мыңнан астам төсек-орын дайын. Жақында ғана 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық пункт сатып алынды. Ауруханалар оттегі тасымалдау жүйесімен 45% қамтамасыз етілген. 13 оттегі станциясы іске қосылды. Тұрақтандыру қорына 1 млрд 300 млн теңгенің дәрі-дәрмегі сатып алынған. Сондай-ақ қосымша 100 млн теңге бөлініп, мұқтаж отбасыларға тегін дәрі таратылмақ. Өңірде қосымша ПТР зертханалары ашылады.

Павлодар облысында 31 медицина маманы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында 10 дәрігер, 11 орта және 10 кіші медицина қызметкері бар. Қазір олар амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жатыр. Бір дәрігердің хәлі ауыр еді, қазіргі жағдайы тұрақталды. Өзгесінің жағдайы орташа деңгейде. Бүгінде өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделеніп келеді. Қараша айының бірі мен тоғызы аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 614 дерегі тіркелді. Салыстырмалы кезеңде көрсеткіш екі есе аз болған. Әсіресе соңғы екі аптада өсім бар. Қазір аймақтағы инфекциялық стационарларда 288 пациент ем қабылдап жатыр. Олардың жетеуінде коронавирус расталды. Төрт азаматтың жағдайы аса ауыр.

Батыс Қазақстан облысы қызыл аймаққа енгізілді. Бұған соңғы апталарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себеп болған. Тек соңғы тәулікте тағы 30 тұрғыннан ауру белгілері анықталып отыр. Жансақтау бөлімінде емделіп жатқан науқастардың дені егде жастағылар. Қазан айының басынан бері өңірде 45 оқушы мен 7 балабақша тәрбиеленушісі қауіпті індетке шалдыққан. 10 қарашадан бастап аймақта шектеу шаралары күшейтілді. Сенбі-жексенбі күндері облыс орталығы мен аудандарға кіріп шығатын жерлерге санитарлық бекеттер қойылады.

Таразда той жасап, сауық құратындардың әрекеті тыйылмай тұр. Жұрт заңға қайшы екендігін біле тұра той-думанды тоқтатар емес. Қатаң ескертулер жасалып, айыппұл салынып жаса да, соған қарамастан беташар жасап, мейман күткендер тағы да анықталды. Арнайы мобильді топ бұл жолы 40-тан астам адам жинап, карантин режимін бұзғандардың үстінен түсті. Салтанатты іс-шараны ұйымдастырушыларға ескерту беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жиналған жұрт үйлеріне қайтарылған.

Айта кету керек, соңғы 4 айда бұл өңірде 11 мыңнан астам нысан тексеріліп, жүздеген заң бұзу дерегі тіркелген. Оларға жалпы құны 45 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Елорда мектептері онлайн оқуды жалғастырады. Бұл жайлы Білім басқармасы хабарлады. Қазіргі таңда ел астанасы «сары қауіпті аймаққа» кіреді. Жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып, ал халықаралық білім ордаларында 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарда жоқ. 5-сыныптардың кезекші топ режимінде жұмыс істеу мәселесі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешіледі. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары 15 балаға дейінгі кезекші топтарда білім алады.

Жиын-тойлар мен өзге де мерекелерді уақытша тоқтата тұруға мәжбүрміз. Дегенмен, заңға бағынбай, ережені ескермей жүрген ағайындар айыппұл салып жатса да сабақ алмай келеді. Сақтанайық, жақынымызға жанашыр болайық.


(с) Әлімхан Қанатұлы



#коронавирус #карантин #пандемия #эпидемия #қазақстан #әлем 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.09.2020
03.09.2020
28.08.2020
07.08.2020
07.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930