USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ПТР-тесттің бағасы екі есеге арзандатылды

  • 09.қараша.2020, 10:24,
  • 349

18 мың теңгеден 9 мың теңгеге дейін, жекелеген кейбір зертханаларда 6000-7 000 теңгеге дейін.

Қазақстанда ПТР-тест алу қызметінің және бетперденің бағасы арзандатылды.


Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясын зертханалық талдау мен қорғаныс құралдарының бағасына тоқталды.


"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағалардың сәйкестігін талдау және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының баға саясатына бақылау жасау тапсырылды", - деп хабарлады агенттік.


Нәтижесінде, ашық сауда-саттық саясатын қамтамасыз ететін 36 нарық субъектілерімен монополияға қарсы сәйкестік жасау арқылы ПТР-тесттің бағасы 18 000-нан 9000 теңгеге дейін төмендетілді ("KDL Olimp" ЖШС мен "Invivo" ЖШС - 9 мыңнан аспайды, "Сұңқар" ЖШС мен "Әйгерім" ЖШС-нің жекелеген зертханалары бағаларды сәйкесінше 6000 және 7000 теңгеге дейін төмендеткен).


Өндірушілер медициналық бетперденің бір данасын орта есеппен 21 теңгеге дейін төмендеткен. Дистрибьюторлар қосатын үстеме бағалар орта есеппен 20-дан 3 теңгеге дейін, , ал дистрибьютор мен бөлшек сауда желісі арасында қосылатын үстеме баға 60-тан 26 теңгеге дейін төмендетілді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30