931 мал өлекселерінің ішінде ірі қара 40, ұсақ малдар 876, жылқы 9, түйе 6 басқа жеткен. Осы жойылған малдардың ішінде су басқан елді мекендерде тұратын 22 азаматқа тиесілі 144 бас жануарлары анықталып, арнайы белгіленген өтемақылар "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік қоры арқылы аударылған, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, түйеге 300 мың теңгеден бастап 1,5 миллион теңгеге дейін, жылқыға 160 мыңнан 380 мың теңгеге, сиырға 110 мың теңгеден бастап 220 мың теңгеге, ұсақ малға 25 мыңнан бастап 45 мың теңгеге дейін, ал үй құсына 2000 теңгеге дейін өтемақылар төленген.
#тасқын #мақтаарал #өтемақы #түркістан