USD 485.82
EUR 554.03
RUB 6.24
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-да вагондар соқтығысып қалды

  • 25.августа.2020, 13:00,
  • 570

ШҚО станциясында вагондар соқтығысып қалды. 

25 тамызда сағат 8.15-те Жақсыбұлақ станциясында (ШҚО, Аягөз ауданы) қатты желдің салдарынан станцияда тұрған жүк вагондары өздігінен орындарынан қозғалып, келіп қалған №3471 жүк пойызына қарсы жылжи бастаған. 

"Салдарынан 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шыққан. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орын алған жерге Балқаш, Ақтоғай станцияларынан қалпына келтіру және өртсөндіру пойыздары жөнелтілді. Жағдайдың себеп-салдарын тексеру үшін оқиға орынына арнайы комиссия жолға шықты. 

Оқиға салдарынан "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық" қатынасындағы №54 пойызы кешікті. Аталған пойыз жолаушыларының жол жүру құжаттарында (билеттерде) көрсетілген межелі жерлеріне жетуі үшін автобустармен тасымалдау ұйымдастырылып жатыр", - делінген хабарламада.



#пойыз #вагон #шқо #апат #қтж

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930