USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қызылорда облысында жүздеген қой өртенді

  • 25.қазан.2020, 09:04,
  • 463

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің тергеушілері жүр. Қызылорда облысында егістік алқабында жайылып жүрген жеті жүзге жуық қой өртеніп кетті. Бір шаруа қожалығына қарасты ашатұяқтылардың өлексесін бақташы камераға түсіріп алған. Мал қожайындары түліктің әдейі өртелгенін алға тартып отыр. Бұған жайылымға жақын маңдағы күріш алқабы қожайындарының қатысы бар дейді

Кеше ғана сарғайып жатқан мына күріш алқабы бүгінде қап-қара тегіс алаңға айналды. Күрішті жинап болған дихандар алдағы маусымға дайындық деген мақсатпен осы жерге от жіберіпті. Алайда осы уақытта осы жердегі алқапты екінші бір шаруа қожалықтың уақ малы жайылып жүрген көрінеді. Кәсіпкердің айтуынша, осы алқапта 1300-ден астам қой отқа оранған көрінеді.

Сәбит Әуелбеков оқиғаны өз көзімен көргенін айтады. Шаруашылықта бақташы болып жұмыс жасайтын ол егістікке дихандар келіп, еш ескертусіз от тұтатты деп отыр.

Сәбит Әуелбеков, бақташы:


Осы картада мал жайып жатқанмын. Сонымен мына бұрышында тұр едім бір машина өтті да арғы басына барып күбірлеп тұрды. Содан мен өртеніп, не қылып жатқан соң ана балалар көмек бере ма деп едім, ол балалар жағалап былай қарай өртеп кетті до конца. Сонымен малды шығара алмай қалдым, өзім келдім да қуып келіп осы араға келген кезде игере алмай қалдым ғой. Мынаның барлығын өрт басып кетті да сол малды тастап, өзім қашып кеттім.


Оқиға кеше кешкі сағат алтылар шамасында болған. Сол жерге жеткен төтеншеліктер тілсіз жауды 9-ға таяу сөндірген. Егістік бір мезетте күріштіктен мал өлекселерінің алқабына айналыпты. Ал, малдың иесі болса осының салдарынан қып-қызыл шығынға батқанын айтады.

Мейіржан Құтыбаев, шаруа қожалығының басшысы:


Қазір санадық, әлі де болса қосылып жатыр. 257-сі күйіп өлген, күйік шалғаны мына жерде қазір 253 бас, мына жақта тағы 300-дей күйгені бар. Аналық бас кемі 60 мың теңге ғой, тоқты бар оның ішінде 500 бас. Барлығы семіз, 90 мыңнан қошқар әкеліп қосқанбыз олардың да барлығы жанып кетті.


Ал, диханшылар қойларды қасақана өртеген жоқпыз дейді. Олар келесі жылы да мол өнім алу үшін алқапты жоспарға сай өртегендерін айтады. Алайда, сол ортада жел күшейіп кетіпті.

Ғабит Исаев, шаруа қожалығы директорының орынбасары:


Осының 22-23-теріне жауын бар деген. Сол үшін біз срочно өртеп зәбке дайындауымыз керек болған. Мысалы ол 6-шы картадан қойған отты. Мал бірақ мына жақта болған шығар деген, бірақ мотоциклмен кетіп қалды дей ма бір бәле дейді. Сол екі арада жел күшейіп кеткен. Жел алып өтіп кеткен, әйтпесе дәл мал жатқан атызға ешкім от қоймаған.


Аққорған ауылдық округінің әкімі малшылардың бұл жерге үй жануарларын жаюға рұқсаттары жоқтығын айтады. Ауыл ақсақалдарымен өткізген жиналыста осыған қатысты шешім де шығарылған екен.



#қызылорда #қой #өрт #оқиға #шығын 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2020
06.10.2020
15.07.2020
04.07.2020
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930