USD 495.1
EUR 583.72
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алимент төлемеген Екібастұз тұрғыны далада қалды

  • 01.қараша.2020, 15:19,
  • 339

Алимент төлеуден жалтарған Екібастұз тұрғыны пәтерінен айырылды.

2016 жылдан бері немқұрайлық танытқан әке баласына жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде алимент қарыз болып қалған.

Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда, ол сот шешімін назарға алмай, туған баласына көмектесуге асықпады.

Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берді.

Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 4,6 млн теңгеге сатылды.

Жеке сот орындаушысының іс-әрекетінің арқасында бала заңмен белгіленген 2,2 млн.теңге мөлшеріндегі қаражатқа ие болды, қалған сома борышкерге қайтарылды.



#алимент #қарыз #бала #ажырасу #пәтер #екібастұз 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728