USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандағы алғашқы онлайн-үйлену тойына байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 25.қыркүйек.2020, 16:12,
  • 348

Instagram-ның тікелей эфирінде өтетін Қазақстандағы алғашқы той Жандарбек пен Лимараның үйлену тойы болмақ.


Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстанның «Спарта» КТК командасының капитаны Данияр Жұмаділов «Жаса» акциясына қосылып, Instagram-ның тікелей эфирінде онлайн үйлену тойын өткізуге байқау жариялаған еді. Бүгін Данияр Instagram-ның тікелей эфирінде сол байқаудың қорытындысын шығарды. Даниярдың ұлы Әли 10 жұптың аты жазылған қағаздардың бірін кездейсоқ әдіспен таңдап алып, онда Жандарбек пен Лимараның есімдері жазылып тұрды.

Осыдан кейін Данияр Instagram-да Лимарамен тікелей эфир арқылы байланысып, құттықтады.

«Біз сіздердің видеоларыңызды қарадық, керемет. Енді дайындаламыз, күтіңіздер. Бәрі керемет өтуі үшін барымызды саламыз», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстандағы бірінші Instagram-үйлену тойының басты кейіпкері болу үшін отбасын құруға ниетті жұптар вайн, қалжың, лирика түрінде өздерінің махаббат тарихына қатысты қысқа видео түсіріп жіберуі тиіс еді.

Данияр Жұмаділов онлайн-тойды керемет өткізіп беруге уәде етті. Онда беташар, шоу-бағдарлама, шоу-балет және шақырылған жұлдыздар болмақ.



#жандарбеклимара #үйлену #онлайн #той 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.08.2020
31.03.2020
17.02.2020
21.08.2019
08.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930