USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Карантин кезінде той ұйымдастырған Төреғали Төреәлінің отбасы жазаға тартылды

  • 21.августа.2020, 16:30,
  • 798

Әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлінің үйлену тойынан видеолар тарап жатыр. Полиция ұйымдастырушыларды анықтады.

Фариза Төреәлі былтыр спортшы Дархан Нортаевтың үйлену туралы ұсынысын қабылдаған болатын. Осы жылдың мамырында мұсылманша неке қию рәсімі өтті. Кейін той карантинге байланысты кейінге қалғаны хабарланған.

Қыздың Instagram-дағы парақшасында жариялаған видео, суреттеріне қарағанда жұп карантинның түпкілікті әлсіреуін күтпей, той жасаған сыңайлы. 

Бейнежазбаларға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі түсінік берді.

"Кеше Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлері ұйымдастырушыларды анықтады. Барлық материал жиналып, шешім қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің санинспекторларына тапсырылды. Юрисдикцияға сәйкес олар хаттама толтыруға құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмония мен коронавирустан 26 адам қайтыс болды.



#төреғалитөреәлі #әнші #той #карантин #хаттама 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.08.2020
07.08.2020
06.08.2020
30.07.2020
16.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930