USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мойынқұмда аққайың отырғызылады

  • 20.қыркүйек.2020, 18:05,
  • 387

Мойынқұмда еріктілер аққайың отырғызбақ.

Шөлейітті жерде аққайың ағашын отырғызу қаншалықты миға қонымды іс? Әрине фантастика дерсіз. Қанша қияли болса да осындай бір бастаманы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының еріктілері қолға алыпты. Әрине шөлейтті деп қатты айтқан шығармыз, бірақ дәл сол Мойынқұм ауылының аты айтып тұрғандай жерінің көп бөлігі шөлейтті болып келеді екен.

Мұндай бастаманы қолға алуға биыл еріктілер жылы болып жариялануының тікелей қатысы бар. Көктемде Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасының шағын гранттар байқауы аясында жеңімпаздар анықталып, 60-қа жуық шағын грант осы экология саласына бөлінген. Жеңімпаздардың бірі - Мойынқұм ауылындағы бір топ азамат шөлейтті жерде шырша және аққайың ағаштарының түрлерін отырғызуды жоспарлап отыр. Осы істің басы қасында жүрген Ұлжан Пірімқұлова өз бастамаларының іске аспай қала ма деп уайымдағанын айтады."Негізі бұл жобамен көктемде айналысуымыз керек болатын. Алайда пандемияға байланысты грант беруші ұйым өтініштерді қабылдау науқанының уақытын созуға мәжбүр болды. Жеңімпаздар тек жаздың басында анықталып, ағаш отырғызуға нағыз уақыт, көктем мезгілінен кешігіп қалдық. Басында қатты алаңдадық. Біріншіден күзде отырғызсақ өніп кетер ме екен және шөлейтті жерде суықты сүйетін аққайың отырғызу қаншалықты болатын іс? деген сұрақтар туындады. Алайда осы саланың мамандарымен байланысқа шығып, ол кісілерден нұсқаулықтары мен "батасын" алып қобалжуымызды бәсеңдеттік, бірақ толық баса алмадық, өйткені ауылымызда тек бір данасы ғана бар. Тәжірибе алмасатындар жоқтың қасы", - дейді Ұлжан Мұратқызы.



#мойынқұм #аққайың #еріктілер #игііс

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.09.2020
16.09.2020
16.08.2020
19.11.2019
25.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930