USD 503.44
EUR 593.35
RUB 6.55
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мұғалімдердің жалақысы өседі

  • 02.қыркүйек.2020, 12:17,
  • 681

Мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға арттыру бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Президенттің мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 пайызға арттыру тапсырмасы бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылды. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қыркүйек айынан бастап дәптер тексеру үшін үстемақы екі есе, сынып жетекшілігі үшін алатын үстемақы екі есе артатын болады», - деді министр Үкімет отырысында.


Сонымен қатар ол магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге сомасында жаңа үстемақы алатынын еске салды.


#жолдау #мұғалім #мектеп #жалақы #үстемақы



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.08.2020
24.08.2020
30.03.2020
02.09.2019
16.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728