Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тамыз айында кімдерге 21 250 теңге төленетінін түсіндірді.
30 шілдеде вице-премьер Ералы Тоғжанов карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлемнің жартысы, яғни 21 250 теңге төленетінін мәлімдеген еді.
Еңбек министрлігінің ақпаратынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылғандарға 42500 теңгеге қосымша 0,5 ең төменгі жалақы автоматты түрде аударылады.
"Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады", - делінген ведомствоның сайтында.
Тамызда төлемді кімдер алады
Бұған дейін хабарланғандай, президенттің тапсырмасымен шілдеде карантиннің күшейтілуіне байланысты кірісін жоғалтқан қазақстандықтарға ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалады.
- мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 100%-ы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейлі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысындағы қызметкерлер;
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке практикамен айналысатын адамдар;
- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.
30 шілдегі жағдай бойынша азаматтардан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 миллионнан астам өтініш қабылданған. Төлем 2 миллион 80 мың адамға тағайындалды. Ақша 2 миллион 58 мың қазақстандыққа аударылды.
#депутат #63000теңге