USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өзеннен көлікпен өткен жүргізуші суретке түсірілді

  • 27.августа.2020, 14:12,
  • 355

Ұлттық саябақта өзеннен көлікпен өткен жүргізуші суретке түсірілді. 

Фотоны Ғабит Жұматовтың Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген. Онда азамат Қазақстандағы "жабайы туризмді" тоқтатуға шақырған. 

"Бұл садистік дағдыдағы жабайы туризм ба? Жанармайды төгіп, өзенді ластап, табиғат ландшафттарын бұзу. Ассы үстіртінде джиптердің жолды бүлдіргенін көрдім. Осындай джип-туристердің саны көбейіп жатыр. Мұны тоқтату керек", - деп жазады қолданушы.  

Алматы облысындағы Туризм орталығының өкілдері сурет Ағынақты деп аталатын өзенде түсірілгенін айтады. Ол Жоңғар-Алатау ұлттық саябағының территориясынан өтеді. Өзеннен джип арқылы өткен туристік компания сурет былтыр түсірілгенін, басқа өтетін жол болмағанын айтқан.  

"Сарқанд ауданында Discover Almaty туристік компаниясының Ағынақты өзенінен өткен джибіне қатысты зерттеу жүргізілді. Полиция департаменті компанияға айыппұл таға алмайды, себебі сурет былтыр түсірілген. Сондай-ақ, ол жаңа бағыт екені анықталды. Жолда көпірден өтетін мүмкіндік болмаған, сонымен қатар, бұл күн сайын малшылар өтетін өзен. Сондықтан көлік жүріп өткен", - дейді Алматы облысы туристік ақпарат орталығының басшысы Мейрамбек Қапасов. 



#ұлттықсаябақ #туриз #сарқанд #ағынақты

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.08.2020
06.08.2020
03.08.2020
28.07.2020
25.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930