USD 518.39
EUR 603.09
RUB 6.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шымкентте үш бала уланып қайтыс болды

  • 20.августа.2020, 12:30,
  • 332

Оқиғаға қатысы бар деп күдікке ілінген дезинсектор 10 жылға сотталуы мүмкін. 

Дезинсектор "санитарлық нормаларды бұзды және адам өліміне әкеп соқты" деген бап бойынша сотталып жатыр.

"Аталған тұлға ҚР ҚК 304-бабы 1, 2 және 3-бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп айыпталып отыр. Бұл норма 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және осы қызметпен айналысуға тыйым салу жазасын қарастырады", - деді Шымкент қаласы Еңбекші ауданының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Еске салайық, алғашқы жағдай 2019 жылғы қарашада болған. 11 айлық бала мен оның 4 жасар ағасы белгісіз заттан уланып, ауруханада қайтыс болды. Сол кезде олардың ата-анасы мен әпкесі де зардап шеккен. 2 айдан кейін тағы осындай жағдай қайталанды. Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде отбасы мүшелері түгел уланып, 8 айлық қыз көз жұмды.

Мамандар екі қайғылы жағдайға улы химикаттардың газы себеп болғанын анықтады. Ол дезинсекция жасалған көрші пәтерлерге тараған. Сарапшылар пәтерлер ауыл шаруашылығында пайдаланылатын өте қатты затпен тазартылғанын айтты. Содан кейін жергілікті полиция дезинсекторды ұстады. 42 жастағы ер адамның мұндай жұмыспен айналысуға рұқсаты да жоқ екен.




#балалар #улану #шымкент #өлім

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.07.2020
24.12.2019
25.11.2019
02.08.2019
14.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031