USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу аяқталуына аз қалды

  • 19.августа.2020, 12:30,
  • 485

Ақмола облыстық Полиция департаменті жеке меншігінде армян көлігі бар тұрғындарға оларды тіркеуден өткізуде уақыт созбауға кеңес берді.

Еске сала кетейік, Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу елдің барлық өңірінде 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Тіркеуге жататын көліктер: Арменияның уәкілетті органында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін елімізге әкелінген рулі сол жақта орналасқан автомобильдер. Бұл ретте, заңда көзделген бастапқы тіркелгені үшін алым, утилизациялық алым және кедендік баж алынып тасталған. Бұдан басқа, осы тіркеу науқаны аясында алдағы уақытта қандай да бір өзге алымдарды төлеу бойынша ешқандай міндеттеме туындамайды.

Айта кету керек, 1 маусымнан бастап Ақмола облысы бойынша қажетті құжаттарды ұсынған және мемлекеттік баж салығын төлеген 231 адам көлік құралын тіркеген. Есепке алынған көліктерге сары нөмір беріледі. Рулі оң жақта орналасқан автокөліктер тіркеуге жатпайды.

Бүгінгі таңда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы Call-орталықта 87766343168; 87750364173 нөмірлері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.



#армения #көліктер #шетел #қазақстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930