"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №25 Қаулысы 3 ақпанда Үкімет сайтында жарияланды.
Онда Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізуі керектігі айтылады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 2020 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен шара қолдану тапсырылған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламентінің (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімі) талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдарын тіркеу;
2) көрсетілген санаттағы автокөлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жарамдылық мерзімін 2021 жылғы 1 наурызға дейін белгілеу;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген көлік құралдарын тіркеу жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберу бойынша шаралар қабылдасын.