USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

42 500 теңгеге әлеуметтік төлем тағайындау 20 шілдеде басталады - Нұрымбетов

  • 14.июля.2020, 10:19,
  • 472

42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындау жұмыстары 20 шілдеде басталады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Осы жолы да 42 500 теңге әлеуметтік төлемінің операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді. Өйткені біз осы қордың қаржылық жағдайы туралы «қазір шектеуі, қиын« деп айтқанбыз. Дегенмен, бүгін шешім қабылданды. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы бір аптаның ішінде сол әлеуметтік қордың қаржылық мәселесін шешуі тиіс»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қордың қаржылық мәселесі шешілгенге дейін Еңбек министрлігі осы төлемге қатысты ережені пысықтайтын болады. Содан кейін оны мемлекеттік органдармен келісіп, Әділет министрлігінде тіркеуі тиіс.

«Осы уақытта біз өзіміздің ақпараттық жүйемізді, порталдарымызды сол ережеге сәйкестендіріп, тестілеуден өткіземіз. Аянбай жұмыс істейміз. Жоспарымызға сәйкес, алдағы жұма күні порталдар өтініштерді қабылдауға дайын болады. Ал дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріспекпіз. Сондықтан осы жұмаға дейін электронды Үкіметке және басқа жерлерге өтініш беріп әуре болмаңыздар», - деді Біржан Нұрымбетов. 


#42500 #жәрдемақы #өтініш #құжат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.07.2020
06.01.2020
25.10.2019
23.10.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930