Министрлік хабарлағандай, төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:
– 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 146,1 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады.
#42500 #жәрдемақы #карантин