USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбеде экологиялық тұрақтандырудың кешенді шаралары жүзеге асады

  • 29.июля.2020, 13:00,
  • 392

Ақтөбе облысының эко-белсенділері мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын әзірлейді. Бұл туралы министрлік басшысы Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 

Ақтөбеліктер министрлікке өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жоспарын құруға көмектеседі.

Ақтөбе облысы жұртшылығы өңірдегі экологиялық ахуал туралы әлеуметтік желіде бірқатар мәселе көтеруде. Бүгін эко-белсенділермен, жұртшылықпен осы себеппен онлайн-кездесу өткізілді. Қатысушылар атмосфералық ауаны мониторингілеу, ластаушы көздер туралы толғандырған мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді.


Кездесу қорытындысында эко-белсенділермен бірге жақын аралықта эмиссияларды қысқарту, жасыл белдеуді дамыту, өндіріс қалдықтарын басқару шараларын қарастыратын облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын жасап, бекіту келісілді, - деп хабарлады М. Мырзағалиев.


Бұл шаралардың барлығы кейіннен өңірдегі әкімдікпен бірге іске асырылады, деп нақтылады ол.


Осы жұмыстарға үн қосқан барлық ақтөбеліктерге алғыс білдіремін. Барлығымыз бірге айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз, - деп ризашылық білдірді министр.


Оның айтуынша, министрлік еліміздің басқа өңірлерінде де осындай кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.



#ақтөбе #экология 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.06.2020
01.07.2020
28.04.2020
30.11.2019
25.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930