"ЖОО-ның бірі сессияны жазда өткіземіз деп шешсе, енді бірі ағымдағы баға қорытындысы негізге алынады деп шешті. Ал 4-курс студенттері кешенді емтихан тапсырып, дипломдарын міндетті түрде қорғайды", - дейді ол.
Сондай-ақ, министр қашықтан оқу жүйесіне көшуіміз білім грантының көбеюіне әсер етпейтінін жеткізді.
"Колледждерде білім грантын көбейту туралы жоспарымыз бар, себебі жыл сайын арнайы білім беру саласын көбірек қамтимыз", - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.