27 шілдеде Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларында найзағай соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градус ыстық болады.
Павлодар облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің күші 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай облысында күн күркіреп, кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда облысында жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.
#ауарайы #ескерту #қазақстан